Елімізде 18 жасқа толған мектеп түлектері медициналық сақтандыру қорына өздері жарна аударуға тиіс
Мамандар кәмелет жасына толатын мектеп бітіруші түлектерге әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қалуға кеңес береді. Ол үшін 18 жасқа толған қыз-жігіттер жарнаны келесі айдан бастап өздігінен төлеуге тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарна көлемі қазіргі уақытта 4250 теңге. Төлемді банк қосымшалары мен арнайы терминалдар немесе Қазпошта арқылы жасауға болады. Айта кетейік, кәмелет жасына толғандардың барлығына мемлекет есебінен төлем жүргізілмейді. Тек техникум мен жоғары оқу орындарында оқитын студенттер үшін жарнаны мемлекет төлейді.
Ал ресми түрде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге медициналық сақтандыру қорына жұмыс беруші аударады.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған