Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елге білімді адамдар көбірек келді": Көші-қон комитеті Қазақстанға көшіп келгендер мен кеткендердің санын жариялады

Былтыр елімізге 23 мың адам көшіп келген. Шетелден көшіп келушілердің оң динамикасы байқалады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

турист

Сурет: Pixabay сайтынан

Комитет төрағасы сыртқы көші-қонда мұндай динамиканың өсуі он жылда алғаш рет тіркелгенін айтты. 

"Былтыр сырттан келу бойынша оң динамика байқалды. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша елге 23 мың адам (8,3 мың адамға өсті) көшіп келіп, 15 мың адам елден кетті. Сырттан келу көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытайға тиесілі", – деді Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ертаев елге сырттан білімді адамдар көбірек келгенін айтты. 

"Өткен жылдың 9 айында мамандықтар бойынша оң сальдо белгіленді. 986 техникалық маман, 585 экономика маманы, 222 заң маманы, 100-ден астам педагогика және медицина мамандары келді", – деді комитет төрағасы.

Спикер ел ішіндегі көші-қонның көрсеткішіне де тоқталды. Ел ішінде қоныс аударушылар саны былтырғымен салыстырғанда 26% өскен.

"Өткен жылы қаңтар-қыркүйек айы аралығында 733 мың отандасымыз ел ішінде көшіп-қонды. Оның ішінде 338 мыңы облыс арасында қоныс аударды. Мәселен, қаралып отырған кезеңде Астанаға тұрақты тұруға 74 мыңнан астам адам, Алматыға 67 мың адам, Шымкентке 30 мың адам келді. Астанаға келушілер саны бойынша өсу қарқыны басқа мегаполистерден алда тұр", – деп толықтырды көші-қон комитетінің басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға былтыр қанша ресейлік азамат көшіп келгені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау