Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияда өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

WTA чемпиондық кестесінде екінші орында тұрған Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде 86-орында тұрған белгиялық Гретье Минненге қарсы ойнап, екі сетте 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Осылайша Рыбакина Минненді үшінші рет жеңіп отыр. Екеуі бұған дейін 2020 жылы Аустралия ашық чемпионаты мен Страсбургтегі турнирде кездесіп, екеуінде де Рыбакина басым түскен еді. Рыбакина келесі кезеңде нидерландық Аранча Руспен кездеседі.
Айта кетейік, Елена Рыбакина өткен жылы Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп, содан кейін денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

