Елена Рыбакина қазақстандықтарға алғысын айтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирде жеңіске жеткеннен кейін Қазақстан халқына алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Баршаңызға белсенді қолдауларыңыз үшін рақмет! Қазақстандағы жанкүйерлеріме, жаңа жеңістер мен биіктерге ұмтылып жатқан жергілікті балалар мен жасөспірімдерге ерекше алғыс айтамын! Бәрі де мүмкін. Сеніміңіз бен көп жылғы қолдауыңыз үшін рақмет", - деп жазды Рыбакина Instagram парақшасында.
Еске салайық, 23 жастағы отандысымыз WTA 1000 санатындағы турнирде бірінші рет жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші осы жарыстағы жеңісі арқасында 1 миллион 262,220 мың доллар АҚШ долларын тапты. Аталмыш доданың жалпы қоры 8,8 миллион АҚШ доллары болатын.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

