Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі жеңісі үшін қанша ақша алғаны белгілі болды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінен қанша табыс тапқаны белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші осы жарыстағы жеңісі арқасында 1 миллион 262,220 мың доллар АҚШ долларын тапты. Аталмыш доданың жалпы қоры 8,8 миллион АҚШ доллары болатын.
Осылайша Елена Рыбакина 2023 жылдың басынан бері ұтысы ретінде 2,5 миллион доллар табыс тапқан. Бұл қазіргі доллар бағамымен 1,13 миллиард теңгеге тең.
Ал 2022 жылы Рыбакина үшін үздік маусым болған. Себебі бұл кезеңде қазақстандық спортшы 3,61 миллиард доллар немесе 1,63 миллиард теңге табыс тапты.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған еді. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”