Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2022-дегі жеңісі үшін теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Біз федерация атынан Елена Рыбакинаға сыйақы бергіміз келген, алайда ол бас тартты. Сонымен қатар ол сыйақыны Қазақстанда жастарды қолдауға және қайырымдылыққа жұмсамақшы”, – деді Қазақстан теннис федерациясының өкілдері.
Ал Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшыға ешқандай сыйақы қарастырылмағанын мәлімдеді.
“Халықаралық жарыстардың чемпиондарын, жүлдегерлерін, сондай-ақ жаттықтырушыларды ақшалай ынталандыру Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 28 наурыздағы №152 қаулысы негізінде іске асырылады. Бұл Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, республикалық бюджеттен ақшалай төлем қарастырылмаған”, – делінген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді

