Елена Рыбакина Алматыға келмейтін болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Алматыға келмейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, Ұлыбританияда өткен Уимблдондағы жеңісінен кейін спортшы Нұр-Сұлтанға келіп, жанкүйерлерімен кездескен болатын.
Бүгін Рыбакина Алматыда кездесу өткізе алмайтыны жайлы әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
"Құрметті алматылықтар! Уимблдондағы жеңісіміздің қуанышымен бөлісу үшін Алматыға келуді жоспарлаған едім. Алайда соңғы күндердегі физикалық жаттығу мен эмоционалдық күйзеліс менің хал-жағдайыма әсер етті. Сондықтан қайта қалпыма келу үшін үзіліс алуыма тура келді. Келесі жолы міндетті түрде оңтүстік астанамызға келемін. Түсіністік пен қолдауларыңызға рахмет!” – деп жазды теннисші.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

