Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2022-дегі жеңісі үшін теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елена

“Біз федерация атынан Елена Рыбакинаға сыйақы бергіміз келген, алайда ол бас тартты. Сонымен қатар ол сыйақыны Қазақстанда жастарды қолдауға және қайырымдылыққа жұмсамақшы”, – деді Қазақстан теннис федерациясының өкілдері. 

Ал Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшыға ешқандай сыйақы қарастырылмағанын мәлімдеді. 

“Халықаралық жарыстардың чемпиондарын, жүлдегерлерін, сондай-ақ жаттықтырушыларды ақшалай ынталандыру Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 28 наурыздағы №152 қаулысы негізінде іске асырылады. Бұл Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, республикалық бюджеттен ақшалай төлем қарастырылмаған”, – делінген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында.

Талқылау