Елена Рыбакина "Уимблдондағы" ұтысы үшін қай елге салық төлейді
Уимблдондағы ұтысынан кейін Елена Рыбакинаның қай елге салық төлейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстағы жеңісі үшін 23 жастағы Елена Рыбакина 2 миллион фунт немесе 1 миллиард теңгеден аса сыйақы алады. Спортшы ұтысы үшін қай елге салық төлейді деген сауалға "Теннис Астана" ұйымы жауап берді.
"Уимблдон жарысындағы ұтыс қоры Ұлыбританияда төленеді. Ұтысы үшін Қазақстан азамат Елена Рыбакина салықты бір рет, Ұлыбританияда төлейді. Қазақстанға Ұлыбританиямен екі рет салық төлеудің алдын алу үшін жасалған конвенция негізінде салық төленбейді", – деп түсіндірді ұйымдағылар.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейлік журналист және тележүргізуші Ксения Собчак қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның сенсациялық жеңсіне қатысты пікір білдірген еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

