Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі": Собчак Рыбакина туралы

Ресейлік журналист және тележүргізуші Ксения Собчак қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның сенсациялық жеңсіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Собчак

Журналист ресейліктерге Уимблдонға қатысуға тыйым салынғанын айта келе, тыйымның жұмыс істемейтінін мәлімдеді. 

"Мәскеу тумасы, кезінде азаматтығын Ресейден Қазақстанға ауыстырған Елена Рыбакина жарыс чемпионы атанды. Белгілі себептермен ұлттық құрамаға қосыла алмай, бірақ мансабын жалғастырғысы келетін спортшылардың көпшілігі осылай жасайды. Паспорты бойынша ол қазақстандық болғандықтан, беларусьтер мен ресейліктердің Уимблдонға қатысуына қатысты тыйымды оңай айналып өтті. Кеше қарсыласын жеңіп, әйелдердің жалғыз разрядында чемпион атанды. Бұл – оның алғашқы "Үлкен дулығасы", – деп жазды Собчак өз Telegram-парақшасында

Осылайша Собчак Рыбакинаның жеңісін "Ресейдің арқасы" деп атағандарға жауап берген. 

"Бұл, сөзсіз, Қазақстанның жеңісі, Ресейдің емес. Ресейде оған ешкім жол берген жоқ. Толық ашылуына мүмкіндік берілмеді. Жеңіс үшін мүмкіндікті Қазақстан ұсынды", – деп мәлімдеді Собчак. 

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина неліктен азаматтығын ауыстырғанын түсіндірген еді. Спортшы Мәскеуде дүниеге келген, бірақ 2018 жылы спорттық азаматтығын өзгерту үшін өтініш беріп, Қазақстан атынан өнер көрсете бастаған.

Талқылау