"Электрикпін деп таныстырған": Алматыда ер адам тұрғын үй кешеніне кіріп, екі адамды атып кетті
Алматыдағы элиталық тұрғын үйде белгісіз ер адам өзін электрик ретінде таныстырып, есікті ашқан кезде отбасылы жұпқа оқ атып, тонамақ болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Оқиға 20 желтоқсанда таңертең Nef Uptown тұрғын үй кешенінде болды. Белгісіз адам элиталық үйдегі пәтерлердің бірін тонауға тырысқан. Бетперде киген адам өзін электрик ретінде таныстырып, есікті ашуды өтінген. Ал ашқан кезде отбасылы жұпқа жарақат салатын қарумен оқ атқан. Қарақшы полиция келгенге дейін жасырынып үлгерді.
Пәтер иелері аман қалды. Күдікті әлі де іздестірілп жатыр. Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі бұл факт бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады