Елдің басым бөлігінде 43 градусқа дейін ыстық болады
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн 43 градусқа дейін ысиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Батыс циклоны өтеді. Соның әсерінен батыста, кейін солтүстік пен орталықта найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді.
Елдің шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады деп күтілуде.
"Солтүстік пен орталықта, 11-12 шілде күндері солтүстік-батыста, 12-13 шілде оңтүстікте, 13 шілде оңтүстік-шығыста 43 градусқа дейін аптап ыстық болжанып отыр", - делінген хабарламада.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”