Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елді ашуландырған Мәншүктің ағаш мүсінін алып тастады

Семейлік шенеуніктер Жеңіс саябағында орналастырылған Мәншүк Мәметованың мүсінін алыс тастауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Масқара: Семейдегі Мәншүк Мәметованың мүсіні елді шошытты

Әлі толық бітпеген батыр қыздың ағаш мүсіні шу астында қалды. Халық қаһарманы, әйгілі пулеметші батырдың мүсіні жалмауыз кемпірге теңестіріліп, қатты сынға ұшырады. 

«Мүсінге енді ғана ағаш бояуын жаққан болатынбыз. Соның себебінен ағашта дақтар пайда болып, оның сақиналары көріне бастады. Ал мүсінді көрген адамдар бұны Мәншүк мүсініне мұрт жасап қойыпты деп түсінген», - деді ағаш ескерткішті жасаған авторлардың бірі Юлия Куртукова. 

Біраз уақыт өтпей жатып, қала әкімшілігі ағаш ескерткішті алып тастауды жөн көреді. Себебі батыр қыздың бұл бейнесі не қала тұрғындарына, не әлеуметтік желі қолданушыларына ұнамапты. 
Айтуларынша, қаланы көркейту үшін олар ескі ағаштарды кесіп алып тастағаннан гөрі олардан мүсін жасауды ойлаған, Ол үшін, тіпті, 15 жылдық тәжірибесі бар ресейлік мүсіншілерді де шақыртқан. Қазір, Мәншүктің ағаш мүсіні қайда екені белгісіз. Дегенмен, қала әкімдігі оны басқа жерге де орналастырмайтындығын меңзеді.

«Жеңіс саябағында ағаш мүсін орнаттық. Бірақ ол ешікіге ұнамады, сондықтан алып тастауды жөн көрдік», - деді Семей қаласының баспасөз хатшысы Роллан Кемербаев.

Талқылау