Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцариялық қарт әйелдер Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотында жеңіске жетті: Олар ел билігін климат өзгерістеріне әрекетсіздігі үшін айыптады

Швейцариялық бір топ қарт әйел (көбі 70-тен асқан) Страсбургтегі адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа шағым түсірді. Олар аптап ыстық жағдайында қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанын айтты. Еуропада жаһандық климат өзгерістеріне байланысты мұндай жағдай жиілеп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: swissinfo.ch

Шағымданушылар бұған парниктік газ шығарындысын күрт төмендету бойынша өз міндеттемелерін орындамаған Швейцария билігі жауапты екенін дәлелдеуге тырысты.

Осыған байланысты жазда егде жастағы әйелдер, әсіресе қатты ыстықта ұзақ уақыт бойы үйден шыға алмайды.

Соңында сот олардың жағына шығып, Швейцария шынымен "климаттың өзгеруі жөніндегі Париж конвенциясындағы өз міндеттемелерін орындамады" деп шешті.

“Салдарынан ел тұрғындарының құқығы бұзылды, әсіресе егде жастағы әйелдерге қиын соқты” делінген сот шешімінде. Страсбург сотының шешімі Еуропа Кеңесіне мүше барлық ел үшін міндетті саналады, яғни "климаттық әрекетсіздік туралы" прецеденттік шешім 46 мемлекеттің заңнамасында көрініс табады.

Алдағы уақытта Швейцария үкіметінен шығарындыны азайту және Париж конвенциясының шарттарын орындау үшін 2030 жылға қарай орындалуға тиіс мақсаттарды қайта қарау бойынша жаңа шаралар қабылдау талап етілуі мүмкін.

"Соттың мұндай шешім қабылдағанына біз өзіміз де әлі сене алар емеспіз. Адвокаттардан “рас па?" деп сұраумен болдық. Олардың пікірінше, бұл – ең тиімді шешім", – деді шағымданушылардың бірі Розмари Видлер-Валти Рейтер агенттігіне.

Талқылау