Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экстремал блогер Алматыдағы метро вагонына жабысып, бір бекет жүріп өткен

Экстремал блогер Алматыдағы метро вагонына жабысып, осылай бір бекет жүріп өткен. Қазір полиция оны іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Блогердің өзі түсірген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрдан "Алмалы" бекеті екенін байқауға болады.

Жігіт метроның вагонына аттап өтіп, тұтқадан ұстайды. Сол сәтте пойыз жүріп кеткен.

Қалалық метро бөліміндегілер оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"2020 жылдың 2 қарашасында SHERIFF Almaty YouTube арнасында видео жарияланды.

Видео авторы пойыздың тіркеу құрылғысына секіріп, "Алмалы" станциясынан "Абай" бекетіне дейін барды. Оқиға болған кезде кезекші жолаушы өзінің тікелей міндеттерін орындай отырып, кетіп бара жатқандарды шығарып салып, қарсы платформада болған. Осыны пайдаланған блогер пойызға жабысқан. Сонымен бірге, бұл қауіпті әрекетін бейнебақылау камерасына түсіріп алған.

"Метрополитен" КМК тарапынан полицияға видео авторына қатысты шара қолдану туралы өтініш жіберілді, өйткені ол өзінің іс-әрекетімен метродағы мінез-құлық ережелерін бұзды, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, сонымен қатар пойыздардың қозғалыс кестесін бұзуға себеп болуы мүмкін еді", - делінген хабарламада.

Қазір полиция блогерді іздеп жатыр.

"Қазіргі уақытта Метрополитендегі полиция басқармасының жеке құрамы осы құқық бұзушыны ұстауға бағытталған. Оның іс-әрекеттеріне заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Алматы ПД-де.

Талқылау