Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды ма – Ішкі істер министрі жауап берді

Мәжіліс алаңында ішкі істер министрі Ержан Сәденовке оған дейін министр болған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жайлы сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін Қаңтар оқиғасына байланысты бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Мұны мәжіліс алаңында журналистер қазіргі министр Ерлан Сәденовтен сұрады.

"Ішкі істер министрлігі оны тексеріп жатқан жоқ, сондықтан қандай іс, қандай бап бойынша екенін айта алмаймын. Бұл жерде құзырлы органдар тергеу жүргізді", – деді Сәденов.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты төте сауалға жауап берген соң, былай деді:

"Мен мұны растай алмаймын. Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқан жоқ. Бұл сұрақ ішкі істер министрлігіне қойылмайды. Түсініктеме беру дұрыс емес", – деді министр.

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі болып 2019 жылы ақпан айында тағайындалған еді. 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін ол қызметінен кетті. Одан Қаңтар оқиғасына байланысты жауап алынғаны айтылған еді.

Талқылау