AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен кетті: Орнына Марат Ахметжанов келді

Президенттің жарлығымен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстанның жаңа ішкі істер министрі болып бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысы Марат Ахметжанов тағайындалды. 

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын " деп жазылған ҚР Президенті қол қойған Жарлықта. 

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде Ерлан Тұрғымбаевтың Ішкі істер министрлігінен кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарған. 

Ерлан Тұрғымбаев осы Ішкі істер министрі болып 2019 жылы ақпан айында тағайындалған болатын. 

Марат Ахметжанов кім? 

Ахметжанов Марат Мұратұлы 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.

1993-1996 жылдары Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы болды.

1996-1997 жылдары Мемлекеттік тергеу комитетінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы болған.

1997-1998 жылдары ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.

1998-2001 жылдары тергеу департаменті директорының орынбасары және әділет министрлігінің сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2001-2003 жылдары Бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы болған.

2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры.

2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

2009-2012 жылдары – Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.

2012-2014 жылдары –экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдары – Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.

2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

2021 жылдың 16 сәуірінен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр