Экс-министр Марат Бекетаевқа қатысты іс сотқа жіберілді
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың сөзінше, іс 3 наурызда сотқа жіберілген.
“Әділет экс-министрі Марат Бекетаев және басқа адамдарға қатысты алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлау, кәсіпкерлікке қызметкезаңсыз араласу фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. 2025 жылдың 3 наурызында қылмыстық іс сотқа жіберілді”, – деді Бигайдаров.
Еске салайық, Марат Бекетаев 2023 жылдың қазанында қамауға алынған еді. Оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”