Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-депутат Бақытжан Базарбек адам қағып кетті деп айыпталды – БАҚ

депутат
Фото: Instagram/mazhilis.kz

Жамбыл облысында бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасына қатысты. Апат Луговое ауылының маңында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бақытжан Базарбекке дейін де осы жол учаскесінде жол апаты болып, мал қағылған. Апат салдарынан малдың өлексесі жолда қалған. Бір ер адам оны алып тастау үшін жолға шыққан кезде Бақытжан Базарбек жүргізіп келе жатқан Toyota көлігімен оны қағып кеткен .

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

 Апат салдарынан Базарбек медициналық тексеруден өтті. Оның ағзасынан алкоголь табылмады.

Жамбыл облыстық полиция департаменті апатты растап, қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады.

"Т.Рысқұлов ауданындағы жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota жүргізушісі Б. жолда келе жатқан ер адамды қағып кеткен. "Апат салдарынан жәбірленуші орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды”, – деп түсіндірді полиция.

Қазір қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қырмызы Скендір
Жексенбі, 16 Тамыз, 2026 17:41