Қазақстанда теміржол қатынасын қашан бастайтыны белгілі болды
Экономика салаларын жандандыруға арналған жаңа шаралар топтамасы аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

- 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.
- 18 мамырдан бастап санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
- қонақ үйлерге;
- сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне;
- таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына;
- 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі.
- 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.
"Табысы жоғары": Қазақстандықтарға жалақысына байланысты жалдамалы баспана беруден бас тартып жатыр
Әйел банк белгілеген табыс шегіне наразылық білдірді
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес