Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ЭКО орталығына бардық": Жәния Джуринская отбасылық құпиясын ашты

Жәния Джуринская Instagram-дағы оқырмандарының сауалына жауап беру барысында отбасылық құпиясын ашты. Актриса жарты жылдан бері бала көтере алмағандықтан, жұбайы Даниярмен бірге ЭКО орталығына барғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

"Бірнеше ай бұрын ЭКО орталығына бардық. Жарты жылдан бері бірге тұрып, бала көтере алмай жатқанымды айтқанымда, дәрігерлер бізге күлді. "Ақымақсыңдар" дегендей болды. Қысқасы, табиғи жолмен бірнеше жыл тырысып көру керек. Болмай жатса, батыл түрде эко жасатуға болады", – деп ағынан жарылды Джуринская. 

Жәния жасөспірім шағында бойында қандай комплекстер болғанын ашып айтты. Ол ұзын бойынан, үрпиген еркінен, құлағынан ұялғанын жеткізді. 

"Ұзақ уақыт бойы бойымнан ұялатынмын (171 см), құбырішекпін деп ойлайтын едім.

Еріндерім тым үлкен, түрім жас баланікіндей. Құлағым қалқиып тұрады. Бояусыз түрім ұсқынсыз (сондықтан қатты боянатынмын)", – деді актриса.  


"1,5 жыл бала көтере алмадым": Әлия Әнуарбек жан сырын ақтарды


Бұдан өзге, Джуринская ер адамнан ақша сұрауға ұялатын бойжеткенге кеңес берді:

"Мен азаматымнан ақша сұрауға қатты ұялатынмын. Бір күні қарапайым қағиданы түсіндім: оны мен істемесем, басқа қыз сұрайды, ал ол көмектеседі. Себебі еркектер өзін керек сезінгенде рахаттанады және екіншіден, осылайша оған қаншалықты керек екеніңізді тексересіз". 
 

Талқылау