Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1,5 жыл бала көтере алмадым": Әлия Әнуарбек жан сырын ақтарды

Әлия Әнуарбек 1,5 жыл бойы бала көтере алмағанын айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлия денсаулығына байланысты біраз уақыт ем қабылдағанын жеткізді. 

"Кейін көптеген дәрілерден ағзамның тазарғанын күттім. Бала көтертпейтін дәрілерді ішуді доғарған соң, тек 1,5 жылдан кейін көптен күткен жаңалық келді. Шынымды айтсам, сол шақта қатты қорқып қалдым", – деп ағынан жарылды Телебарисова.

Әлия жұбайы Азаматпен бала жоспарлауға асқан жауапкершілікпен қараған. Жиі-жиі тексеріліп, анализдер, тіпті генетикалық тест тапсырған. 



"Бойымда үрей басым болды. Әр тест жасаған сайын ол үдей түсті. Бірақ Азамат мені сабырға шақырып, балалы болатынымызға сендірді. Барлығын Аллаға тапсырып, сабырға келгенімде бала көтердім. Балалы болатынымызды білгеннен кейін, Азамат өзінің сезімдері мен уайымын жазып қойыпты. Бірақ маған сыр білдірмеген. Бар болғаны бірнеше жолдан тұратын алғыс және бақытты екенін жазған", – дейді актриса.

Тұңғышын дүниеге әкелгеннен кейін, Әлия тағы да тәуекелге баруға қорыққанын айтады.

"Бала көтертпейтін дәрі ішпедім, Алиша небәрі 1,5 жаста болғанда, Амелиді оңай көтердім. Көпбалалы болғым келді, сондықтан екінші баланы тууға дайын болдым. Екеуінің бір-бірінде болғаны үшін Аллаға алғыс айтамын", – деді актриса.

Талқылау