Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екінші тоқсанда мектептердің ашылуы: Білім министрлігі ақпарат берді

Әлеуметтік желілерде 2021 жылы оқушыларды қашықтан оқыту форматы жалғасатыны жайлы ақпарат тараған еді. Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алғашқы тоқсан 5 қарашада аяқталады. Санитариялық дәрігерлердің талаптары бойынша оқушылар негізінен қашықтан оқуда. Ата-аналардың талап-тілектері бойынша 1-4 сынып оқушылары санитариялық талаптардың сақталуымен кезекші сыныптарда білім алып жатыр. Бір сыныпта оқушылардың саны 15-тен аспауы керек. Екінші тоқсан бойынша денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтіп отырмыз. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тиісті қаулы шығарады. Денсаулық сақтау министрлігінен шешім шыққаннан кейін оны бірден хабарлайтын боламыз", - деді білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

Оның айтуынша, карантин шектеулері жағдайында оқыту форматы туралы шешімді бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қабылдайды.

"Мектеп жұмысының форматы кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес-орталықтар секілді санитариялық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - дейді Гаухар Омарбек.

Талқылау