Екібастұздағы ЖЭО апатына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
20-24 ақпан аралығында Екібастұз қаласындағы мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары ЖЭО апатының салдарына байланысты қашықтан оқиды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС деректері бойынша қалада жылу беру оңтайлы параметрлерге шығарылды, алайда білім беру ұйымдарына үй-жайларды жылыту және қажетті температуралық режимге қол жеткізу үшін уақыт қажет.
"Білім беру ұйымдарында температура мониторингі күн сайын жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, температуралық режимге жеткен кезде мектептер, колледждер және қосымша білім беру ұйымдары жеке тәртіппен штаттық оқыту режиміне ауыстырылады", – деп атап өтті қаланың білім бөлімі.
Нақтыланғандай, балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген