Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда жылусыз қалған көпқабатты үйлер саны екі есеге көбейді

Екібастұзда тағы 25 көпқабатты үй жылусыз қалды. Сонымен қатар 90 жеке үй де жылусыз отыр. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Олег Крук айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Екібастұз

Олег Круктың сөзінше, қазір жұмысшылар жылу беру жүйесінде ақау туындаған 25 тұрғын үйде жұмыс істеп жатыр. 

"Жылу тораптарын, ғимараттағы суды қыздырып жатыр, әрі қарай аралау жұмыстары жалғасады. Қонаев көшесіндегі зақымдарды жою кезінде 149 жеке үй бойынша жылумен қамтудағы зақымдарды анықтадық. Олар жылудан ажыратылды. Алдын ала ақпарат бойынша 90 үйде зақым нақтыланып отыр", – деді ол.

Жаңа үйлердің анықталуына байланысты мамандар Машһүр Жүсіп көшесіндегі 52-орталық жылу пунктінің жұмысын тоқтатқан. Жылу желісіндегі негізгі зақым да дәл осы жерде анықталып отыр. 

Олег Крук мамандардың 52-орталық жылу пунктіндегі зақымды жөндей алмай отырғанын мәлімдеді. Себебі мұнда толықтыру деңгейі жоғары, сондықтан жылу-электр орталығының жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Ал бұған жол беруге болмайды екен.

Айта кетейік, өткен тәулікпен салыстырғанда желілік сумен толықтыру сағатына 760 тоннадан 870 тоннаға дейін көбейген еді. Бұл үшін мәселе туындаған көпқабатты үйлерде 25 жөндеу бригадасы құрылды. 

"Екібастұз бір минут та жылусыз қалған жоқ. Тек температуралық баптауларды өзгерттік. Машһүр Жүсіп көшесі бойында мәселелер анықталды, аумақты оқшаулау үшін жылу өшірілді. Үйлер шамамен 5-6 сағат жылусыз қалды. Ал Екібастұздың қалған бөлігі жылудан ажыратылған жоқ", – деп түсіндірді ол.

Талқылау