Екібастұздағы жанармай құю бекетіндегі өрт: 17 жастағы жасөспірім қаза болды
Екібастұзда жанармай құю бекетінде болған өрт салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жас жігіттің денесі жанармай құю станциясының цистернасының жанынан табылды. Марқұмның жеке басы анықталуда.
"26 шілдеде сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев көшесі, 5-үйдің жанармай құю бекетінде төрт газ цистернасы жарылып, 40-қа жуық газ баллоны өртенді. Сағат 15:22-де су қоймасының жанынан жас жігіттің денесі табылды. Жеке тұлға анықталып жатыр", – деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда жанармай құю бекеті өртке оранғаны туралы жазған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"