Екібастұзда жанармай құю бекеті өртенді (видео)
Екібастұзда жанармай құю бекеті өртенді. Өрттің тұрғын үй секторына таралу қаупі бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жанармай құю бекетіндегі өрт 26 шілде күні сағат 13:24-те басталған.
"Қонаев көшесі, 5-үйде орналасқан жанармай құю бекетінде төрт цистерна жанып жатыр. Көрші ғимараттарды күзету жұмыстары жүргізілді. Жеке сектордың үйлері жолдың арғы бетінде, өрттен 100 метр қашықтықта орналасқан. Сағат 15:00-де өртті анықтау жұмыстары жүргізілді. Сөндіру жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Куәгерлер жарылыс болғанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, учаскеде 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып, өртті сөндіру жалғасуда.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген