Екібастұзда келіншек банкомат кассасынан тауып алған жарты миллион теңгені полицияға алып келген
Екібастұз қаласының тұрғыны күзетшілерден ақшасын банкоматтан алған белгісіз әйелге шара қолдануды сұрап, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өтініш берушінің айтуынша ол банктік шотын толтыру үшін қаладағы дүкендердің бірінде орналасқан «Kaspi» терминалына келген. 550 мың теңгені терминалға бір салып, операцияның аяқталуын күтпей, чек алмай үйіне кетіп қалады. Әйелге шотты толтыру туралы SMS хабарлама келмеген, содан кейін ол банкоматқа қайта оралған. Бірақ банкоматтан да ақшасын таппаған.
Банкоматта кезекте тұрған адамдар банкомат ақшаны қайтарып бергенін, ал кері шыққан қаражатты кезекте тұрған әйел алғанын айтты. Кейіннен белгілі болғандай, бір сөмке ақшаны алған әйел кезекші полиция бөліміне жүгінді. Барлығы жақсы аяқталып, ақша иесіне қайтарылды.
Талқылау

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді