Екібастұзда деструктивті ағым өкілі бұрынғы әйеліне нәжісін жағып, жасыл дәрі құйып жіберген
29 қаңтарда Екібастұздағы сауда үйлерінің бірінде ер адам бұрынғы әйеліне нәжісін жағып, жасыл дәрі құйып жіберген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше 22 қаңтарда 47 жастағы тұрғын бұрынғы жұбайымен жанжалдасқанын анықтап, әйелді қорғау ұйғарымын шығарған екен. Ал 29 қаңтарда ер адам сауда үйлерінің бірінде бұрынғы жұбайына нәжісін жағып, жасыл дәрі құйып жіберген және оған балағат сөздер айтқан.
“Айта кету керек, ер адам деструктивті ағымның, яғни салафизмнің жақтаушысы. Ұсақ бұзақылық және қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 және 461-баптары бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Материал сотқа жіберілді, оның шешімімен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды”, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр