Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жүзден аса жолаушы болған: Қарағандының орталығында бірнеше автобусқа оқ жаудырылды (видео)

Қарағандының орталығында белгісіз біреу жолаушылар автобустарына пневматикалық қарудан оқ жаудырды. Облыстық полиция департаментіндегілер ақпаратты растады. Белгілі болғандай, оқиға кезінде автобустардың ішінде 200-ден аса жолаушы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Екі жүзден аса жолаушы болған: Қарағандының орталығында бірнеше автобусқа оқ жаудырылды (видео)

Желіде қала орталығында болған оқиғаға қатысты видео тарады. Полиция мәліметінше, оқиға 8 қазанда кешкі сағат 19:00 шамасында орын алыпты.

Белгісіз біреу «45-інші орам» аялдамасында бұзақылық жасап, №40, 45 және 33 бағыттағы автобустарға пневматикалық қарудан оқ атып, терезелерін сындырған. Оқиға кезінде аталған автобустардың салонында екі жүзден аса жолаушы болған. 

Полиция қызметкерлері автобустардың бірінің салонынан пневматикалық қаруда қолданылатын диаметрі 4,5 миллиметр болатын металл шарды тапты.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау және тұтқындау мақсатында шара қабылдап жатыр», - дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Талқылау