Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі оқырманымды тойыма шақырамын: Нұрболхан Шәріпов үйленгелі жатқанын айтты

Нұрболхан Шәріпов көпшілікке жаңалығын айтып, қуанышымен бөлісті. Әзілкеш Тараз қаласында отау құрғалы жатқанын айтты.

Екі оқырманымды тойыма шақырамын: Нұрболхан Шәріпов үйленгелі жатқанын айтты

"Соңғы кезде инстаға көп көңiл бөлмей кеттiм. Оның себебi, тойыма деген дайындық, ары-берi тойларда ұшып жүруiм болар. Шаршайсың, бос уақытта ұйықтап алсам деп жүресiң. Жақсы, маңыздысы бұл емес. Маңыздысы, менiмен 6 жыл бойы бiрге болған оқырмандарыммен бiр жақсы жаңалықпен бөлiсейiн деп жатырмын. Аллаһ қаласа 09.09.19 күнi, Тараз қаласында шаңырақ көтергелi жатырмын. Тойыма 800 мыңның бәрiн шақыра алмаймын. Бәрiн шақырғым-ақ келедi рекорд орнатып. Бiрақ, әттең ресторан кiшкентай", - деп жазды ол парақшасында.

Әзілкеш желідегі оқырмандары арасында ойын ойнатып, екі адамды тойына шақыратынын да атап өтті.

"Бақыт гүлінің солмауын, Аллаһтың шексіз қолдауын тілеймін", "Үлгілі отбасылардың бірі болуына құдай нәсіп етсін. Қазақта көбінесе не тіленеді? Жаңадан құрайын деп жатқан шаныраққа әрине іші жанға, сырты малға тола берсін әмин. Шын көңілімнен бақыт тілейміз", - деп жазды желідегілер.

Өнер иесі қалыңдығының кім екенін, қай өңірдің аруы екенін білмек болған оқырмандарына сыр ашқан жоқ.

Талқылау