Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі күйеуі жігіт бір мезетте бір қызға үйленуге келген

екі жігіт үйленбек болған

Үндістанда қалыңдықтың үйіне бір мезетте екі күйеу жігіт туыстарымен бірге келіп, “қызға мен үйленуім керек” деп дауласып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Times of India басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Уттар-Прадеш штатындағы Кхатаули ауылында болған. Жігіттер арасында жанжал басталғаннан кейін оқиға орнына полиция келді. 17 жастағы қыздың әкесі құқық қорғау органдарына жарты жыл бұрын қызын көрші ауданнан келген 20 жастағы Прадип Кумарға атастырғанын айтқан. Алайда той қарсаңында күйеу жігіттің отбасында қайғылы жағдай болып, оның туыстары үйлену тойының өтетін-өтпейтінін кейінірек хабарлайтынын жеткізген.

Жауап күтпеген қалыңдықтың отбасы тез арада басқа үміткер – Мееруттан келген Акашты тапқан. Соның салдарынан ауылда той алдында екі жақтың туыстары қатысқан төбелес шыққан.

Жанжал кезінде жергілікті тұрғындардың бірі арнайы сенім телефонына хабарласып, қыздың кәмелетке толмаған болуы мүмкін екенін айтқан. Полиция мен шенеуніктер тойды тоқтатып, қалыңдықты уақытша қорғау орталығына жіберді, кейін оны Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне тапсырды. Оның жасы медициналық тексеру арқылы анықталады. Екі күйеу жігіт те көңілі қалып, абдырап, үйлеріне тарқап кеткен.

Назархан Уән
Жексенбі, 19 Сәуір, 2026 18:45