Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі азаматқа ота жасалды: Сыртқы істер министрлігі Түркияда апатқа түскен қазақстандықтар туралы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания аумағында болған жол апатында зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

автобус

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Түркиядағы Қазақстан елшісі Аланияға барған. 

"30 шілде күні таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобустың жол-көлік оқиғасына ұшырады. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен алдындағы жүк көлігін соққан. Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді", - делінген хабарламада

Апат кезінде жарақат алған екі қазақстандыққа ота жасалды. 

"Микроавтобуста болған 12 қазақстандықтың екеуі ауырлығы орташа жарақат алған. Оларға ота жасалып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қалған 10 отандастың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне еш қауіп жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар. Анталиядағы қазақстандық дипломаттар біздің азаматтармен тұрақты байланыста және тиісті жұмыс жүргізуде", – деп мәлімдеді министрлік өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Түркияда қазақстандық туристер мінген шағын автобустың жүк көлігімен соқтығысқаны туралы хабарлаған едік. Салдарынан екі адам көз жұмған. 

Талқылау