"Екі ай бойы өздері қазған шұңқырда жасырынып жүрген": Алматы полициясы танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген күдіктілерді ұстады
Алматы полицейлері осы жылдың қазан айында танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген.
- "Атына бірнеше несие алған": БҚО-да ер адам әйелінің жұмыс орнына келіп оған қару кезеді
- "Құлағын сындырып, басын жарған": Алматыда притон иелері қыздарды ұрлап, сексуалды құлдыққа салған
“Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тас жолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды”, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, деп қосты полиция.
Талқылау

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
Қайғылы оқиға 6 жыл бұрын “Охотзоопром” кәсіпорнында болған еді

"Кейбірі сәбиінен, кейбірі анасынан айырылып жатады": Қазақстандықтар перзентхана алдында дүбірлі той жасайтындарды сынады
Акушер: "Көп адамның жиналуы жаңа туған сәби мен анаға түрлі инфекция, вирус таратады"