Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі аңыз адам": Димаш Құдайберген Головкинмен кездесуінен видео жариялады

Димаш Құдайберген Геннадий Головкинмен кездесу сәтінен видео жариялады. Бейнежазбадан қол алысып, бір-бірін қолдаған еліміздің қос мақтанышын көруге болады, –  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз үшін сен чемпионсың және чемпион болып қала бересің! Алға, Қазақстан!" – деп Головкинді қолдады Димаш Құдайберген. 

Еске салайық, Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес арасындағы трилогия мексикалықтың жеңісімен аяқталды. Президент Головкинге қоңырау шалып, қолдау көрсетті. Төрткүл әлем көз тіккен аталған кеште еліміздің Әнұранын әнші Димаш Құдайберген орындады. Димаштың әкесі Қанат Айтбаевтың айтуынша, бұл кешке Димашты GGG-дің өзі шақырған.

"Біздің елдің атынан өнер көрсетіп жатырмын. Сондықтан Әнұранды айтып беруіңді сұраймын", – деп қолқа жасады. Концерті тақалып тұрғанына қарамастан: "Амандық болса, барып келіп үлгеремін. Ар жағында елдің абыройы, маған деген үлкен құрмет", – деді. Алла тілегіңді берсін деп шығарып салдық”, – деді Айтбаев “Қазақстан” Ұлттық арнасының “1001 түн” бағдарламасында. 

Талқылау