Екеуі аударылған: Қарағанды облысында 8 вагон темір жолдан шығып кетті
Қарағанды облысында 8 вагон темір жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

2 қарашада сағат 06:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы темір жол аралығының 27 шақырамында кірме жолдарында көмір тиелген 8 вагонның доңғалақ жұптары жолдан шықты, оның екеуі аударылды.
Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Оқиға салдарынан 150 метр темір жол төсеміне зақым келген. Оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер жоқ. «Разрез «Кузнецкий» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған