Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді eGov Mobile көмегімен үйіне интернет қостыра алады

Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға eGov Mobile мобильді қолданбасының көмегімен үйге интернет қосуға мүмкіндік беретін жаңа сервисті ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото eGov Mobile қосымшасынан скриншот жасалған

Бұл инновациялық сервис ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясымен бірлесе отырып әзірленді және азаматтарға eGov Mobile қосымшасы арқылы интернетті қосуға оңай өтініш беруге мүмкіндік береді. 

Өтініш беру процесі операторларға автоматты түрде жіберіледі, сонымен қатар қажет желілік инфрақұрылымның болуын тексеруді қамтиды.

Қазір сервиске "Қазақтелеком" АҚ байланыс операторы қосылған және жақын арада қазақстандықтарға тарифтердің барынша кең таңдауын қамтамасыз ету үшін басқа операторлар да қосылады.

Қызметті қалай пайдалануға болады?

  • “Сервистер” – “Басқалар" бөліміне өтіп, “Интернетті қосу” тармағын таңдаңыз.
  • “Маған қайта қоңырау шалу” түймесін басып, рұқсат беріңіз.
  • Қажет тарифті таңдап, “Өтініш беру” түймесін басып, деректерді растаңыз.


Өтініш бергеннен кейін өтініш нөмірі мен статусты бақылау сілтемесі бар SMS жолданады. Егер үйіңізде оптикалық желілер болмаса, оператор мамандары балама қосылым опцияларын ұсыну үшін бір сағатта хабарласады.

Интернетті қосу процесі әр азамат үшін барынша ыңғайлы және қарапайым болды. Сұрақтар болса, оператордың байланыс орталығына хабарласу қажет.

Еске салайық, бұған дейін 30 сәуірде Қазақстанда криптографиялық стандартқа көшу жүзеге асырылатыны туралы жазған едік. Соған сәйкес электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгерді.

Талқылау