Электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгереді: Енді растама мен қол қою үшін бір ғана кілт қолданылады
30 сәуірде Қазақстанда криптографиялық стандартқа көшу жүзеге асырылады. Соған сәйкес электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: bfmspb.ru
Өзгерістерге сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға түпнұсқалық растама үшін де, қол қою үшін де пайдаланылатын бір ЭЦҚ кілті беріледі.
Бұдан басқа, заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің талап етілмеген келесі түрлерін қолда барлар тізімінен алып тастау жоспарланып отыр:
- "Қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар қызметкер";
- "Адам ресурстары бөлімінің қызметкері"
Ұлттық сертификаттау орталығы ГОСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жоспарлап отыр. Бұл ретте бұрын берілген барлық тіркеу куәліктеріне олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін қолдау көрсетіледі.
"Жаңа ГОСТ 2015 алгоритміне қолдауды жаңартылған NCALayer қамтамасыз етеді. Жаңа нұсқасы шыққаннан кейін қолданба пайдаланушыға NCALayer жаңартуын автоматты түрде ұсынады", – делінген хабарламада.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”