ЭЦҚ қажет болмайды: Қазақстандықтар eGov.kz-ке биометрия арқылы тіркеле алады
Кез келген қазақстандық азамат биометрияны қолдана отырып, eGov.kz пайдаланушысы бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында азаматтардың барлық өтініштерін қарастырғанын атап өтті.
"Қарапайым азамат үшін eGov.kz-ке ауысудың басты қиындықтары - ЭСҚ орнату, мобильді азаматтардың мәліметтер базасында тіркеу. Бұл мәселені шешу үшін портал биометрияны қолдана отырып тіркеуді жүзеге асыратын болады. Енді eGov.kz-тің пайдаланушысы болу үшін телефонды бетіңе бағыттау керек. Біз оны пилоттық сынақтан өткізіп жатырмыз, осы айдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Мусин.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн