Джеймс Бонд рөлімен танылған Голливуд жұлдызы қайтыс болды
Шон Коннери - аты аңызға айналған актер. Миллиондаған жанкүйерлеріне Джеймс Бонд рөлімен танылған ол 90-нан асқан шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеп.
Аты аңызға айналған актердің өлімі неден болғанын әлі хабарланған жоқ.
Шон Коннери 1930 жылы 25 тамызда Эдинбургте (Шотландия) дүниеге келді.
Шон Коннери құпия агент Джеймс Бондтың алғашқы бес фильмінде ойнағаннан кейін аты әлемге мәшһүр болды. 1971 жылы "Мәңгілік гауһар" фильмінде сомдады. Осыдан кейін актерді "бондианаға" қайтармау туралы шешім қабылданды, өйткені ол кезде жасы 41-ден асқан еді. Бірақ 1983 жылы 53 жасында Шон Коннери Джеймс Бондты соңғы рет "Ешқашан "ешқашан" деп айтпа" фильмінде сомдады.
- 66 жастағы танымал актер немересімен жасты қызға үйленді
- "Ол атына кір келмеу үшін қыздармен жүреді": Бірге жұмыс істеген азамат Роналдудың гей екенін айтты
- "Гей болуды насихаттайды": Заманауи кинотуындылардың астарында қандай сыр жатыр - мамандар түсіндірді
Ол 70-тен астам фильмдерге түсті. Коннеридің көптеген марапаттарының қатарына Оскар, екі BAFTA сыйлығы және үш "Алтын глобус" кіреді.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”