Джеки Чан түсірілім кезінде мерт бола жаздады
Әлемге әйгілі әнші Джеки Чан "Авангард" фильмінің түсірілімі кезінде опта болып кете жаздағандығы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

65 жастағы актердің сөзінше, теңіздегі атыс кезін түсіріп жатқан уақытта ол тасқа ілініп суға батып кете жаздапты.
"Бір кезде қатты қорқып кеттім. Менің денем дірілдеп, мен қазір өліп кетемін деп ойладым", - деді Джеки Чан.
Танымал қытай актеріне оның түсірілімдегі әріптестері көмекке келіп, құтқарып алыпты.
Джекидің айтуынша, бұл жағдай фильм түсіруге ат салысып жатқан барлық адамды аяғынан тік тұрғызыпты. Киноның режиссері Стэнли Тун тіпті жылап та жіберген.
Джеки Чан басты рөлді сомдаған қытайдың "Авангард" фильмі 2020 жылдың 25 қаңтарында көрермендерге жол тартады. Кино туынды халықаралық қылмыскерлер тобына қарсы бағытталған оққағарлардың қызметін суреттейді.
Қазақстандық бір кездері бәліш сатып, бүгінде жасанды интеллект көмегімен миллиондаған табыс тауып отыр
Маркетологтан кәсіпкерге дейін: тараздық жігіттің 450 миллион теңгелік бизнесі
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған