Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дуэт болған Ақбота мен Қуандық Рахым әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күлді (видео)

Гастрөлдік сапарға шығып, бірге ән айтып жүрген Қуанық Рахым мен Ақбота Сейтмағамбет ел алдында масқара болды.

Екі әнші “Алтыным” әнін шырқады. Бұл әнге сын айтқандар көп. Өйткені екі әнші де әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күле берді.

«Мынадай дауыспен ән орындауға болса мен де әнші болатын едім ғой», «Түк дауысың жоқ қой», «Микрофонды ұстап алып, несіне күліп тұрсың?”, «Мақпал апайымыз саханада аяғы сүрінып жатса да əнінің сөзінен бір жаңылған жоқ. Ал мынаны қарашы әні бір жақта. Өзі бір жақта» деп жазды көрермендер.

“Жарайсыңдар! Осыларға ризамын, тек қана жанды дауыста айтады!”, “Эх, адамдар-ау көре алмаушылықты қойсаңдаршы! Қазақ қазаққа жаны ашымаса ешкімнің жаны ашымайды! Қашанғы үйде отырып алып бір бірлеріңді кемсітесіңдер, əлде істерге істерің жоқ па? Қойсаңдаршы ондайларыңды неше күн қатар қатарынан концерт қою оңай ма? Осы халықтың көңілінен шықсақ, “Қазақстанның” атын əлемге танытсақ деген ниетпен жүр ғой осылай сахнада. Сіздердің əн айтпай ақ қойшы деген сөздеріңіз үшін осы кісілер əн айтпай қояды деп ойласаңыздар қателесесіздер! Сіздерге сөзім жоқ”, – деп жазады енді бірі.

Видеоны көрермендердің бірі түсірген.

Тағы да оқыңыз:

Дәстүрлі әнші: Ер адам әйеліне мән беруді қойып, басқа әдемі келіншектерге қарайды екен

Танымал ресейлік актер балалар порнографиясы мен бала зорлағаны үшін 22 жылға сотталды

Ақмола облысында өлі деп ойлаған қарындасы ағасына 17 жылдан соң қоңырау шалған

Талқылау