Дәстүрлі әнші: Ер адам әйеліне мән беруді қойып, басқа әдемі келіншектерге қарайды екен

Көбінесе әйел қауымы отбасын құрып, кішкентайлы болған кезде бар назары балада болып, күні-түні ұйқысы қанбай, шаршаңқы кездерді бастан кешіреді.

«Мен баламен отырған кезімде өзіме қарамаппын. Қол тимейтін. Ешкім көріп жатқан жоқ, өзіңнің үйіңдесің. Бірақ ер адам бәріне мән береді екен. Содан саған мән беруді қойып, басқа әдемі келіншектерге қарайды екен. Соған жол бермеу үшін үйде де жақсы киініп, күтініп жүруің керек екен. Мұндай пікірге келген себебім, ер азаматымның өзіме көңілі ортайғанын сездім. Қателікті одан емес, өзімнен іздедім», – дейді дәстүрлі әнші Алма Аманжолова Евразия арнасының “Әйел сыры” бағдарламасында.

Алма Аманжолова әйел адамның үй шаруасынан өзін күтуге қолы тие бермейтінін, сондықтан ер азаматтардың оған түсіністікпен қарап, көмектесіп жүргені дұрыс деп санайды.

“Әйел үнемі әдемі болып жүре алмайды. Өзін күту үшін де уақыт керек. Меніңше, әйел шаршамай, ұйқысы қанып жүрсе шынайы әдемілігі сол болады деп ойлаймын”, – деді әнші.

Тағы да оқыңыз:

Ақмола облысында өлі деп ойлаған қарындасы ағасына 17 жылдан соң қоңырау шалған

Желіде Мұхтар Шаханов жас келіншекпен көңілдес деген әңгіме тарады

Атырауда ата-енесі бес ұлы мен келінімен бір шаңырақ астында тұрып жатыр

Талдықорғанда туған анасын асқан қатыгездікпен өлтірген бозбала жат ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр