Танымал ресейлік актер балалар порнографиясы мен бала зорлағаны үшін 22 жылға сотталды
«Последний из Магикан», «Дорогая Маша Березина», фильмері арқылы танылған актер Мухтар Гусенгаджиев балаларға қарсы зорлық қылмысын, балалар порнографиясын жасағаны үшін 22 жылға сотталды.

Сот үкіміне сәйкес, актер 22 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң тәртіп түрмесінде өткізетін болды.
«Жиналған айғақ заттары 53 жастағы Мухтар Гусенгаджиевтің кінәлі деп танылуына жеткілікті болды», – дейді Мәскеудегі бас тергеу басқармасының аға көмекшісі Юлия Иванова.
Мухтар Гусенгаджиев өз туысының балалары мен таныстарының баларына сексуалды сипаттағы әрекеттер жасаған. Тінту кезінде оның үйінен балалармен бірге түскен таспалар табылған.
Мухтар Гусенгаджиев цирк, кино, телевидения саласының актері. Ресейде йоганың үздік шебері болған. Әлемдегі ең икемді ер адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Тағы да оқыңыз:
Дәстүрлі әнші: Ер адам әйеліне мән беруді қойып, басқа әдемі келіншектерге қарайды екен
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді