ДДСҰ омикрон штамының қауіпі жайлы жаңа деректермен бөлісті
Алдын ала деректер бойынша "омикрон" штамы COVID-19-ға қарсы вакцинаның тиімділігін төмендетеді. Дегенмен ол "дельта" штамынан қауіпті емес. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жексенбі күні таратқан ақпаратында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Бүгінде вакцинаның "омикрон" штамына қарсы тиімділігін дәлелдейтін деректер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша "омикрон" штамы ақуызының өзгерген антидене профилі вакцинаның инфекцияға қарсы және таралу кезінде тиімділігі төмендейтінін көрсетеді", - делінген хабарламада.
Ғалымдар: "Омикроннан" қорғану үшін вакцинаның үш дозасы қажет
Сонымен қатар ДДСҰ ауру жұқтырғандардың көпшілігінде ауру жеңіл өткендіктен және ауру белгілері болмағандықтан жаңа штамның аса қауіпті емес екенін айтады.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан