Досының бүйрегін ағзасына салған жігіт: Туыстарымның өзі бас тартты, досым донор болуға келісті
Шымкент қаласындағы жедел-жәрдем ауруханасында осыдан бірер апта бұрын мұндағы дәрігерлер Ғабит Әбдиевті ажалдан арашалап қалды.

Белгілі болғандай науқас осыдан 10 жыл бұрын «Б» гепатиті ауруына шалдыққан. Алайда, ота жасату үшін біраз жыл донор таппай қиналған көрінеді, деп хабарлайды Евразия.
Десе де, жігіттің көрер жарығы бар екен! Жуырда ғана оның алыс туыстарының бірі, досы Ғабитке бүйрегін бөліп берді.
«Енді бір бауырды екіге бөлгеннен кейін туған бауырдай болдық! Оған ешкім бара бермейді. Жақын туыстарым болды, бірақ ондай шешім қабылдай бермейді. Көбісі ойлайды оның арқасында битіп қалам, сөйтіп қалам деп!», – деп жазады Шымкент тұрғыны Ғабит Әбдиев.
Алайда, біз науқасқа екінші өмір сыйлаған азаматты камера алдына шығара алмадық! Келіспеді. Бір білеріміз есімі оның Нұржігіт!
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"