AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Достарым мазақтайды деп анам үшін ұялатынмын": Ләйлә Сұлтанқызы ауыр өкініштері жайлы айтты

Ләйлә Сұлтанқызы бала күнін еске алып, анасының үлкен өмір жолынан өткенін айтты. Бала күнгі өкініштерін жеткізді. Ананың қадірі жайлы айтып, өзгелерге үлгі көрсетті. 

Тележүргізуші өзінің 1 жас сәби күні мен анасының жас кезінде түскен суретін жариялады. Естелік әңгімесін де жария етті. Бала күнгі ерсі әрекеттерін ашық айтты. Ананың қадірі жайлы сөз етті. 

“24 жасар Дишинкам мен 1 жасар мен. Анаңыздың көзінде мұң бар деп кейде оқырмандарым жазып жатады. Қалай болмасын? Мен бұл кісілердің көрген қиындықтарын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қайта құру кезінде шемішке сатып, нан пісіріп, ала дорбасын арқалап ел-жер кезіп, сауда жасап, бізді өсірді. Ененің қолында тұрды. Ерте күйеуі қайтыс болды. Артынан енесі мен үлкен ұлы дүниеден озды. Мұндай ауыртпашылықты көп адам көтере алмайды. Жағдайды қабылдау ең қиыны екенін өзім ана болғаннан кейін ғана түсініп жатырмын”, – деп жазды тележүргізуші. 

Айтуынша, өз анасы қиын-қыстау күндерде сауда жасап, шемішке сатып, ақша тапқан. Одан бөлек, тағдырдың ауыр сындарынан өткен. 

“Баламыз ғой бір оқиға есіме түсіп отыр. Кезінде көшеде шемішке, құрт сатып апалар тұратын еді ғой, менің де мамам сатпай ма… Сол кезде ұялып “Дишинка, сізді көріп қойса, достарым мені мазақтайды, басқа жаққа тұрыңызшы” деп ренжитінмін. Қазір есіме түссе, өз іс-әрекетіме ұяламын, рас.

Мені көп аналар оқитынын білем, балаларыңыз абайсызда ауыр сөз айтса, ренжімеңіз уақыт өте өкінетін болады. Ал анасы бар оқырман оқып отырса, қателік жасамаңыздар. Көзі тірісінде сыйлаңыздар, жақсылық жасаңыздар, ертең кеш болып қалуы мүмкін.

Қазір анам кіші қажылықта жүр, ағамның баласымен. Ұшар алдында саған егіз қыз сұраймын деп қояды. Жаным Дишинкам. Кіші қажылықта жүрген әрбір жанның дұға-тілектері қабыл болсын”, – деп жазды тележүргізуші. 

“Мамаңыз қандай әдемі болған”, “Дұрыс айтасыз, тірісінде қадірлейік. Бұрынғы кісілер өте таза кіршіксіз болады. Анаңыздың дұғасы қабыл болсын, бізге де Меккеге баруды нәсәп етсін Алла”, “Алла құлшылықтарын қабыл етсін!”, “Көзінде мұң болса да жүрегінде нұр бар жан. Балаша қуануды білетін, балаша жақсы көруді білетін жан. Қанша қиыншылық көрсе де, жылулығы түгесілмеген жан. Жүзі жылы”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр