Дөңгелектің көлеңкесінде ұйықтап кеткен: Шымкентте көп тонналы көлік 22 жастағы жігітті басып кетті
Шымкентте көп тонналы жол құрылыс техникасының астында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға бұрынғы қалалық қоқыс тастайтын жерге жақын маңдағы Алматы айналма тас жолы бойындағы Самал-3 ықшам ауданында орын алды. Көлік жүргізушісінің сөзінше, жас жұмысшы көп тонналық трамбалық металл дөңгелектің көлеңкесінде мызғып алуды көздеген.
"Мен дәретханаға біраз уақытқа кеткен едім. Қайтіп келгенде осындай қайғыға тап болдым. Көлігіме отырдым да әдеттегідей айдап кеттім. Сол кезде көліктің сәл көтеріліп барып түскенін байқадым. Дөңгелектің астына қарасам адам жатыр екен. Шамасы мен әжетханаға кеткенде, дөңгелектің көлеңкесінде ұйықтап кеткен болуы керек. Мен бұл бөлімге жақында келген едім", - дейді көлік жүргізуші.
Қазіргі таңда Абай аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтауда.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген