Дональд Трамп коронавирус жұқтырды
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінде және әйелі Меланияда коронавирус расталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін бірінші ханым екеуміз COVID-19 сынамасынан оң нәтиже алдық. Біз дереу карантинді және емделу процесін бастаймыз. Біз бәрін бірге еңсереміз!", - деп жазды Twitter-де Дональд Трамп.
Бұған дейін оның кеңесшісі Хоуп Хикстің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыдан кейін Трамп карантинге көшкен.
Оның ең жақын кеңесшілерінің бірі Хоуп Хикс Трамппен 29 қыркүйекте пікірсайысқа және 30 қыркүйекте Миннесота митингіне барған кезде бірге жүрді.
Трамптың өзі бейсенбі күні кешке Fox News телеарнасына телефон арқылы сұхбат беріп, ешқандай ауру белгілері жоқ екенін айтты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"