Дональд Трамп қазақстандық қызға алғысын білдірді
12 жасар қазақстандық оқушы АҚШ Президентінен алғыс алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

6 жасында оқудағы анасымен бірге АҚШ-қа кеткен қазақстандық қыз араға тағы 6 жыл салып елге оралды. Туыстары Жәмила Ахметованың көптеген грамоталарының арасынан АҚШ Президенті Д.Трамптың қолы қойылған алғыс хатын көріп, қатты таңғалса керек. Аталмыш грамотада ағылшын тілінде «Үздік академиялық үлгерімі үшін» деп жазылған.
Жәмила шынымен де өте қабілетті болып өсіп келеді. АҚШ-та ол сыныптан сыныпқа жедел көшіп отырған. Ол алтыншы сыныпты GPA 5.00 үлгерімімен аяқтап, «үздікдігін» растайтын көптеген дипломдармен марапатталыпты.
Туысқандары АҚШ-та жақсы оқыған оқушыларға ел Президентінің өзі алғыс айтатынын көріп таңғалуда.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады